06:06, 22 Наурыз 2014 | GMT +5
Наурыз мерекесінде еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 наурыз күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, бірқатар аймақтарда жел күшейіп, тұман түседі, жекелеген аудандарда көктайғақ болады. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.
Қостанай облысында бұрқасын болып, жел күшейе түседі, көк тайғақ болады. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Оңтүстік Қазақстанда да жел күшейіп, кей аймақтарды найзағай ойнайды. Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі. Түнде Ақмола облысында жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с болады.