Наурыз мерекесіне орай 25 сауда орталығында жеңілдіктер жасалмақ - Астана
Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан хабарлады.
Атап айтқанда, мерекелік іс-шаралар «Еуразия», «Әлем», «Артем», «Әсем», «Ажар», «Гүлжан», «Жаннұр» сауда орталықтарында, «Құлагер», «Шарын», «Керуен», «Мегастрой», «Әсем», «Сәлем», «Эталон», «Оң - Олжа», «Көк базары» және «BIG Шанхай» СҚК базарларында, сондай-ақ «Астана - Қамқор» ЖШС, «Шапағат» коммуналдық базары», «Феникс» СҮ, «Мегастрой Астана DIY» ЖШС, «Астықжан» СО, «Анвар» супермаркеттер желісінде, «Рамстор Қазақстан» ЖШС, Метро Cash & Carry және барлық «Green» желісінде ұйымдастырылады.
Бұл күні аталған сауда нысандарында Наурыз мейрамына орайластырылған промо-акциялар мен түрлі өнімдерден дәм тату өткізіледі, елорда тұрғындары мен қонақтарына «Наурыз тағамдары» (бауырсақтар, Наурыз-көже, палау, қымыз) ұсынылады, төмендетілген бағалармен жәрмеңке ұйымдастырылады, азық-түліктерге (ет, сүт, көкөністер) 10% жеңілдік жасалады, гүлдердің көрме-сатуы, лотерея ұтысы өтеді.
Сонымен қатар, күні бойы мерекелік концерттер мен ұлттық ойындар, спорт жарыстары (арқан тарту, 16 кг гір көтеру, күрес-армрестлинг) ұйымдастырылады.