Наурыз мерекесіне орай астаналықтарға 25 сауда орталығында жеңілдіктер жасалмақ
Атап айтқанда, мерекелік іс-шаралар «Евразия», «Әлем», «Артем», «Әсем», «Ажар», «Гүлжан», «Жаннұр» сауда орталықтарында, «Құлагер», «Шарын», «Керуен», «Мегастрой», «Әсем», «Сәлем», «Эталон», «Оң - Олжа», «Көк базары» және «BIG Шанхай» СҚК базарларында, сондай-ақ, «Астана - Қамқор» ЖШС, «Шапағат» коммуналдық базары», «Феникс» СҮ, «Мегастрой Астана DIY» ЖШС, «Астықжан» СО, «Анвар» супермаркеттер желісінде, «Рамстор Қазақстан» ЖШС, Метро Cash & Carry және барлық «Green» желісінде ұйымдастырылады. Бұл күні аталған сауда нысандарында Наурыз мейрамына орайластырылған промо-акциялар мен түрлі өнімдерден дәм тату өткізіледі. Сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтарына бауырсақ, Наурыз-көже, палау, қымыз ұсынылады. Және көпшілік үшін төмендетілген бағамен жәрмеңке ұйымдастырылады. Онда азық-түліктерге, оның ішінде ет, сүт, көкөніс өнімдеріне 10% жеңілдік жасалады. Сонымен қатар гүлдердің көрме-сатуы мен лотерея ойынын өткізу де жоспарда бар. Ал күні бойы мерекелік концерттер мен ұлттық ойындар, арқан тарту, 16 кг кір тасын көтеру, күрес-армрестлинг бойынша спорттық жарыстар, қазақ және орыс тілдерінде радио-рубка арқылы мерекелік құттықтау айтылады.