Наурыз мерекесіне орай Қарағанды театрында Қожанасыр туралы шығыс ертегісі қойылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – 14 наурызда К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрында премьера өтеді. Көрермендер Дағыстан тарихшысы, жазушысы, ақын және драматург Шапи Қазиевтің пьесасы бойынша «Қожанасырдың алтын есегі» атты музыкалық ертегісін тамашалайды.

Наурыз мерекесіне орай Қарағанды театрында Қожанасыр туралы шығыс ертегісі қойылды

Көңілді Шығыс қойылымы жас қарағандылықтарға Наурыз мерекесіне арналған сыйлық.

«Бұл жақсылық пен достық, зұлымдық пен тапқырлыққа қарсы күрес және әділеттілік әрқашан жеңіске жететіні туралы әңгіме. Мені Шығыс мәдениеті қызықтырады. Шығыс ертегілері - сиқырлы, өз философиясын алып жүр», - деп санайды қоюшы режиссер Денис Цветков.

Театрда ол актерлік және режиссерлік қызметті бірге алып жүреді. Осыған дейін төрт спектакль қойған. Жас көрермендер мен олардың ата-аналарына «Мен ит болғым келмейді» ертегісімен танымал.

Денис Цветков «Қожанасырдың алтын есегі» спектаклінің жұмысы туралы айтып берді. Олар ертегіні қысқа мерзімде қоя алған. Спектакльді қоюға бұйрық шыққаннан алдын-ала көрсетілімге дейінгі аралық процесс бір айға жуық уақыт алған. Киімдер костюмдер цехында тігілді. Декорациялар жасалды. Қоюшы суретші Зинаида Казаковскаяның арқасында сахнада Шығыс сарайы «салынды».

Спектакльде Шығыс халықтарының музыкасы орындалады. Әндер үш автордың симбиозы: режиссер Денис Цветковтың өзі, Шапи Казиев және «Қожанасыр туралы әңгіме» жазған Леонид Соловьев.

Хореограф Ирина Николаева шығыс билерін қойды. Қожанасырды Павел Кондратьев ойнады. Тапқыр молла өзінің келіні Фәтиманы (Әзиза Зейнешева) айлакер хан (Вадим Ахметов) мен оның атқосшыларын (Александр Тисен, Артем Жәңгіров) құтқарады. Қожаға адал есегі (Антон Звонов) көмектеседі.