Наурыз мейрамы бұдан да жоғары деңгейде аталып өтілуі тиіс - Мәжіліс депутаты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз мейрамы бұдан да жоғары деңгейде аталып өтілуі тиіс. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Андрей Бегенеев осындай пікірін білдірді.

Наурыз мейрамы бұдан да жоғары деңгейде аталып өтілуі тиіс - Мәжіліс депутаты

«Наурыз - ұлы мейрам, жыл өткен сайын оның ауқымы кеңейіп, шын мәнінде халықтық мерекеге айналып келе жатқаны қуанышты. Көктемгі күн мен түннің теңесуі - бұл біздің жаңа жаңарған әлемге, оянған табиғатқа енуіміз. Наурыз бұдан да зор маңыз алғанын қалаймын. Маған Наурыз дәстүрі ұнайды, біз айналаны тәртіпке келтіреміз, табиғатпен үндесеміз - мұның бәрі дәстүрмен сабақтас. Бұл өте тамаша мереке, сондықтан да ол бұдан да жоғары деңгейде аталып өтілуі тиіс. Барлық отандастарыма денсаулық пен игілік тілеймін. Наурыз құтты болсын!», - деді А.Бегенеев.