Наурыз мейрамы қарсаңында Алматының 7-ші ауруханасында ашық есік күні өтуде

АЛМАТЫ. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда Қалқаман шағын ауданындағы 7-ші ауруханада Наурыз мейрамы қарсаңында дәстүрлі ашық есік күні өткізілуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Осы арқылы Әуезов ауданының тұрғындары омыртқа аурулары, травматология, ортопедия, нейрохирургия, гинекология, урология бойынша тегін ақыл-кеңестер ала алады. Оларды профессорлар мен доценттер, жоғары білікті дәрігерлер қабылдауда. Кеңес беру және диагностика орталығы компьютерлік және магниттік-резонансты томография, рентгенография, зертханалық сараптамалар секілді қымбат емдеу түрлерінен тұрады. Бүгін ауруханаға жалпы саны 300 емделуші келеді деп күтілуде. Солардың ішінде мүгедек балаларға, көп балалы отбасыларына, қарт адамдарға ерекше көңіл бөлінетін болады. Олар қажетінше есепке алынып, алдағы уақыттарда дәрі-дәрмектерді пайдалану бойынша ақыл-кеңестер алып тұратын болады.
Соңғы жаңалықтар