08:33, 11 Наурыз 2009 | GMT +5
Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыз жолға шығарылады - «Жолаушылар тасымалы» АҚ
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы мереке қарсаңы мен мереке күндері жолаушылар тасымалдау үшін «Алматы-2 – Астана» бағытындағы №35/36 қосымша пойыздарының жолға шығарылатыны туралы ақпарат жариялап отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 12 вагоннан тұратын құрама (230 орындық) жолаушыларды наурыздың 19-ы мен 25-і аралығында тасымалдайтын болады. Алматы-2 стансасынан пойыз - наурыздың 19-ы, 21-і және 23-і күндері жөнелтілсе, Астанаға - наурыздың 20-сы, 22-сі, 24-і күндер келеді және сол күні қайта жолға шығады. Алматы -2 стансасына пойыздар наурыздың 21-і, 23-і, 25-і жетеді. Пойыздар жол бойы Алматы -1, Шу, Отар, Сарышаған, Мойынты, Ағадыр, Қарағанды стансаларына аялдайды.