Наурыз мейрамын үш күн мерекелеуді Мәжілістің салалық комитеті де қолдап отыр

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» қолданыстағы заңға өзгеріс енгізуді көздейтін заң жобасын Мәжілістің жалпы отырысының қарауына енгізу қажет.
None
None
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті аталған заң жобасы бойынша осындай қорытынды шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Айта кету керек, заң жобасында мемлекеттік мереке - Наурыз мейрамын бір күннің орнына үш күн бойы, яғни, наурыздың 21-22-23-і күндері мерекелеу ұсынылған болатын. Бұл түзету Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылы Наурыз мейрамын жаңа тұрғыда мерекелеу қажеттігіне байланысты айтқан пікіріне орай дайындалған.Заң жобасын талқылау барысында депутаттар Кенжеғали Сағадиев, Розақұл Халмұрадовтар өзгерістер ұсынған. Салыстырма кестеге барлығы 7 түзету енгізілді.
Соңғы жаңалықтар