Наурыз мейрамында қарттар және балалар үйінде тегін концерттер ұйымдастырылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлыстың ұлы күнінде еліміз бойынша қарттар және балалар үйінде тегін мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Наурыз мейрамында қарттар және балалар үйінде тегін концерттер ұйымдастырылады

«Жалпыұлттық ауқымдағы негізгі іс-шаралар 21 наурызда Мемлекет басшысының Қазақстан халқын құттықтауынан бастау алады. 23 наурызда бүкіл ел бойынша «Қайырымды ұлт» ауқымды қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Ооның аясында балалар үйінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі балалар мен қарттар үшін көшпелі концерттерді өткізу қарастырылуда. Акцияға еріктілер, мәдениет өкілдері мен меценаттар тартылуда», - деді Нұрғиса Дәуешов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді.

Сондай-ақ, ұлттық «Асар» дәстүрінің қайта жаңғыратыны айтылды.

Одан бөлек, ел аумағын көгалдандыру мақсатында әр отбасы бір ағаш отырғызу акциясын өткізу идеясы ұсынылды.