Наурыз ұлт пен ұлысты ұйыстырып, елдің мақсат-мұратын айқындайтын мереке - Ким Серікбаев

АЛМАТЫ. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Наурыз елдіктің жарқын үлгісін көрсететін ұлы мереке. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әскери ғылымдар докторы, профессор Ким Серікбаев бүгін Алматыда тойланып жатқан Наурыз мерекесі кезінде осылай айтты.
None
None

«Наурыз жасампаздықтың үлгі-өнегесі. Жыл жаңарып жатқанда ата-бабаларымыз жаңа күннен жақсылық күтіп, бір-бірімен үміт-арманын бөліскен. Қыстан қымтырылып шыққан ағайын бір-бірімен қауышып, аузымыз аққа тиетін күнге жетті деп қуанған. Әркім тапқан-таянғанын бір қазанға салып, жиналып бір-біріне ізгі тілегін айтып, мал-жан аман болып, ақ мол болсын деп ниет еткен», - дейді К.Серікбаев. Алматы қаласының Медеу ауданындағы Ардагерлер кеңесі төрағасының айтуынша, Наурыз - тарихты жаңғыртып, ұлт пен ұлысты ұйыстырып, елдің мақсат-мүддесін айқындайды. Сондықтан ақсақалдар бұл істің басы-қасында жүріп, елге үлгі-өнеге көрсетуі тиіс. Жастардың ақылшысы болып, жөн- жоралғы көрсетіп, жалпыхалықтық мерекенің тәлім-тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлуі керек.

Соңғы жаңалықтар