Наурызбай ауданының жаңа әкімшілік орталығы пайдалануға берілді - Алматы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Наурызбай ауданының жаңа әкімшілік орталығы мен бірқатар əлеуметтік нысандары пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Атап айтқанда, іскерлік орталықта жергілікті әкімдік, сот, прокуратура, ХҚКО, АХАЖ, Қазпошта, банк, зейнетақы төлеу орталығы, мемлекеттік кіріс және әділет басқармалары орналасқан.

Құрылыс барысында 95% қазақстандық құрылыс материалдары пайдаланылды.

«Наурызбай ауданы орталықтандыру принципі бойынша дамуда. Жаңа әкімшілік орталықтың ашылуы арқасында барлық мемлекеттік қызмет бір жерден көрсетіледі. Болашақта бұл аймақта жаңа спорт және мәдени объектілер, тұрғын үйлер, бала бақшалар салынып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Жыл аяғына дейін 123 км су құбыры, 80 км кәріз желісі тартылады «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 21 көппәтерлі үй салу жоспарланған. 496 пәтері бар 7 үй қыркүйек айында іске қосылады. Осының барлығы ауданның инвестициялық тартымдылығын арттырып, қызмет көрсету сапасын жалпықалалық стандартқа жеткізеді және 160 мыңға жуық тұрғынның әлеуметтік жағдайын жақсартады», -деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Биыл Мемлекет басшысының Наурызбай ауданын құру туралы Жарлығына 3 жыл толды. Осы кезең ішінде ауданда 188 км жол жөнделді, көпәтерлі 64 тұрғын үй орталық жылу жүйесіне қосылды. Аудан газбен 100% қамтылды. 2 мектеп, 3 емхана, салынды, МЖӘ аясында 33 бала бақша, 17 спорт және балалар алаңдары ашылды. Ауданда салық түсімі 11 есе, ШОБ обьектілері 4 есе өсті.

 Жаңа оқу жылынан бастап «Туған жер» бағдарламасы аясында «Сәби» жеке қайырымдылық қорының қаржысы есебінен 1 200 орынды жаңа №174 мектеп ашылады.

«Завод Электрокабель» ЖШС қаржысына салынған 500 адамға шақталған емхана бір айдан астам уақыттан бері қызмет көрсетуде.

Ауданды абаттандыру бойынша бірқатар жұмыс жүргізілді.

Қарғалы өзенінің жағалауын нығайту үшін жалпы ұзындығы 7,7 км құрылыс жұмыстары атқарылды.

Бұлардан өзге, Жандосов көшесі, Саин көшесінен Таусамалы елді мекеніне дейін ұзындығы 2,08 км жол күрделі жөндеуден өтуде. Мұндағы көлік қозғалысы жолы кеңейіп, 4 жолақты болады.

Соңғы жаңалықтар