Наурызда enpf-otbasy.kz платформасында өтініштер саны 9 есеге артты

«Отбасы банкі» мәліметінше, орташа есеппен алғанда, 2021 жылы платформаға ай сайын 100 мыңға дейін өтінім келіп түсті. 1-30 наурыз аралығында enpf-otbasy.kz платформасында клиенттерден түскен өтінімдер саны 2022 жылдың ең жоғарғы деңгейі - 870 мыңға жетті. Оның ішінде:
1. Аяқталған өтінімдер - бұл мақұлданған өтінімдер, онда қаражат нысаналы мақсаты бойынша жіберілді - 352 мың.
2. БЖЗҚ клиент қаражатының жеткіліксіз болуына байланысты кері қайтарған өтініштер саны - 146 мың.
3. Клиент нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды бекітеді деп күтілетін өтінімдер - 106 мың.
4. Салынған құжаттарды тексеруге өтінім - 73 мың.
5. Клиенттің өзі жойған өтінімдер - 52 мың.
6. Клиенттер қол қоймаған, аяқталмаған өтінімдер – 35 мың.
7. Пысықтауға жіберілген өтінімдер - 34 мың.
8. БЖЗҚ-нан арнайы шотқа қаражат түсуін күтудегі өтінімдер - 33 мың.
9. Толықтыру үшін Отбасы банкінің салымын таңдау қажет өтінімдер – 20 мың
10. БЖЗҚ-на қайтарылған қаражат бойынша өтінімдер - 19 мың.
Келіп түскен барлық өтінімдер, сондай-ақ мақсатты растайтын құжаттар салынған өтінімдер кезек тәртібімен пысықталады.