Наурызда Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 3034,0 млрд. теңгені құрады

АЛМАТЫ. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Наурызда Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 3034,0 млрд. теңгені құрады.

Наурызда Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 3034,0 млрд. теңгені құрады

Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлім етті.

Бас банкирдің айтуынша, көктемнің алғашқы айында Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 5 аукцион өткізілді. Онда 12 айлық МЕККАМ (1,6 млрд. теңге), 3 жылдық МЕОКАМ (6,7 млрд. теңге), 5 жылдық МЕОКАМ (13,4 млрд. теңге), 7 жылдық МЕУКАМ (13 млрд. теңге) және 10 жылдық МЕУКАМ (10,3 млрд. теңге) орналастырылды. Тиімді кірістілік: он екі айлық МЕККАМ бойынша - 2,90 пайыз, үш жылдық МЕОКАМ бойынша - 3,16 пайыз, бес жылдық МЕОКАМ бойынша - 4,01 пайыз, жеті жылдық МЕУКАМ бойынша - 6 пайыз, он жылдық МЕУКАМ бойынша - 5,21 пайызды құрады.

Наурызда сондай-ақ, Ұлттық банктің ноттары эмиссиясының көлемі ақпанмен салыстырғанда 3 еседей қысқарып, 6,2 млрд. теңге болды. Онда 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 4,1 млрд. және 2,1 млрд. теңгенің 2 аукционы өтті. Орналастырылған ноттар бойынша тиімді кірістілік 1,03 және 1,05 пайызды құрады. Ал айналыстағы ноттардың көлемі ақпанмен салыстырғанда 18,4 пайызға азайып, 101,9 млрд. теңге болды.