Наурызда Қазақстандағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 72 мың 251 теңгені құрады
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -2010 жылғы наурызда Қазақстандағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 72 мың 251 теңгені құрады және өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 9,5 пайызға, нақты көріністе - 2,2 пайзыға өсті.
Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің бүгінгі таратқан хабарламасында айтылған.
Салалық құрылымда жалақының ең жоғары мөлшері бұрынғыдай қаржы және сақтандыру қызметінде сақталуда, оның мөлшері- 157,0 мың теңге. Бұл орташа республикалық деңгейден 2,2 есеге асады.
Өзге қызметтер түрлерін ұсыну саласындағы жалақының мөлшері - 142,3 мың теңге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында жұмы істейтіндердің жалақысы - 132,4 мың теңге. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қызметкерлерде сақталуда, оның мөлшері - 29,3 мың теңге, бұл ел бойынша көрсеткіштен орта есеппен 59,4 пайызға аз.
Өңірлер бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында - 141,2 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есеге көп. Жамбыл облысында жалақының мөлшері 45,2 мың теңгені құрап отыр, бұл ел бойынша орташа деңгейден 37,4 пайызға төмен.