Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы қазақстандықтар Наурызда 5 күн демалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Қазақстанда демалыс күндері 21-нен 25 наурызға дейін жалғасады. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, қазақстандықтар жыл сайын Наурызда үш күн - 21-23 демалады.
Биыл, 23 наурыз жұма күнге тұспа-тұс келіп отыр, сондықтан мереке күндеріне сенбі (24 наурыз) мен жексенбі (25 наурыз) де қосылады.
Жалпы, наурыз қазақстандықтарға 13 демалыс күн сыйлады.