Наурызда Қазақстанның әлеуметтік дамуы жаңа тұжырымдамасының бірінші нұсқасы әзірленеді - Е.Орынбаев

АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың наурызында Елбасы тапсырмасымен қолға алынған Қазақстанның әлеуметтік дамуы жаңа тұжырымдамасының бірінші нұсқасы әзірленеді.

Наурызда Қазақстанның әлеуметтік дамуы жаңа тұжырымдамасының бірінші нұсқасы әзірленеді - Е.Орынбаев

Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев мәлім етті.

«Мен министрлік (ЕХӘҚМ) Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп, тұжырымдаманы Парламентте таныстыруды, оны үкіметтік емес ұйымдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және жеке ұйымдармен талқылауды ұсынамын», - деді ол.

Сонымен қатар Е.Орынбаев мамыр айы ішінде тұжырымдама жан-жақты талқылауға әрі Үкіметтің қабылдауына дайын болуы керектігін баса айтты. Оның атап өтуінше, тұжырымдама Дүниежүзілік банк мамандарының көмегімен әзірленуде және сапалы жаңа әлеуметтік стандарттарды енгізуді көздейді.