Наурызда коммуналдық қызметтерге баға өспейді - ҚР ТМРА

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда ағымдағы жылдың наурыз айында коммуналдық қызметтерге баға өспейді, деп хабарлады ҚР Үкімет басшысының ресми сайты ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Анатолий Шкарупаға сілтеме жасап.

Наурызда коммуналдық қызметтерге баға өспейді - ҚР ТМРА

«Электр энергиясының құны, жылу энергиясының құны, газбен жабдықтау және сумен жабдықтау құны өзгеріссіз қалады», -деді А.Шкарупа.

ТМРА төрағасы орынбасарының айтуынша, жанар-жағармай материалдарының бағасы да өзгеріссіз қалады. Бағалар бұрыңғы деңгейінде, яғни Аи-80 - 89 тг/литр және Аи-92 - 110 тг/литр болып қалады.
Алайда, А.Шкарупа дизельдік отынды Қазақстаннан тыс шығару тәуекелі бар екенін атап өтті. Осыған байланысты дизельдік отынның бөлшек саудадағы баға деңгейін 8%-ға литріне 102 теңгеге дейін көтеру қайта қаралды.