Наурызда күріш, ұн мен ет өндірушілер бағаны қымбаттатқан

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Наурыз айында Қазақстанда күріштің бағасы - 2%, қара бидай ұнына - 3,4%, мал еті 2% қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Наурызда күріш, ұн мен ет өндірушілер бағаны қымбаттатқан

«Өнеркәсіп өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың бағасы ағымдағы жылғы үш айда (2020 жылғы наурыз айын 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда) 1,7% төмендеді. Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде - 3,2%, өңдеу өнеркәсібінде 0,5% төмендеуі байқалды. Өнеркәсіптік өнімдер 2,1% арзандады, өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтер 2,1% қымбаттады», - делінген ақпаратта.

Статистика комитеті сондай-ақ өткен айда болған баға өзгерісін мәлім етті. Атап айтқанда, наурызда өндіруші кәсіпорындар бағасы мұнайға - 5%, мазутқа - 2,8%, бензинге - 0,7%, дизель отынына 0,3% төмендеді. Ал металл кендеріне - 9,3%, табиғи газға - 1,5%, көмірге 0,3% жоғарылады.

Баға сондай-ақ мырышқа - 7,5%, қара металдар илегіне - 6,4%, мысқа - 3,3%, қорғасынға 2,7% төмендеген. Асыл металдар құны - 2,4%, алюминий 1,4% қымбаттады.

«Өндірушілер бағасының күрішке - 2%, құс етіне - 1%, балыққа 0,6% төмендегені, жармаларға және қара бидай ұнына - 3,4%, мал етіне - 2%, сүт өнімдеріне - 1,9%, өсімдік майына - 1,8%, бидай ұнына - 1,3%, макарон өнімдеріне - 0,9%, шайға - 0,7%, нанға және қантқа 0,5% жоғарылағаны тіркелді», - делінген ақпаратта.