Наурызда тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуі байқалды - Статистика

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы наурызда тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуі байқалды, - деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

Наурызда тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуі байқалды - Статистика

«2011 жылғы наурызда өткен аймен салыстырғанда, көркейтілген тұрғын үйлерді алып сату бағасы 0,1, көркейтілмеген тұрғын үйлерді алып сату - 0,3, көркейтілген тұрғын үйлерді жалға беру - 0,6 пайызға жоғарылады. Ал жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы өзгеріссіз қалды», делінген баспасөз хабарламасында.