Наурызда Түркістанға Венгриядан 200 -дей қонақ келеді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістандықтар наурыз мейрамы қарсаңында қонақтарды күтуге дайындалып жатыр. Бүгін жергілікті қариялардың басын қосқан жиын өтіп, онда жақсылар мен жайсаңдар Мәңгілік мекен тапқан жерде Құран бағышталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Биыл Алты Алаш Ұлыстың ұлы күнін отыз күн ойын, қырық тойымен рухани астанада тойлайды деп күтілуде. Сондықтан қала басшылары салтанатты шараларды  жоғары деңгейде өткізу үшін ерекше дайындық үстінде. Өйткені, бұл жиын - рухани астананың дәрежесін көтеріп, тұрғындарының мәдениетін танытатын халықаралық басқосу болмақ.

Айта кетейік, наурызда Түркістанға түркі мемлекеттері мен еліміздің түкпір-түкпірінен бас-аяғы 900-дей қонақ келеді деп жоспарланған. Оның 19-ы Әзербайжаннан, 11-і Түркімения мен тағы 200 шақтысы Венгриядан келеді. Қазір мәртебелі меймандарды орналастыратын қонақ үйлер де дайын.Сондай-ақ осы айдың 16 - 29  аралығында өтетін шарада 32 киіз үй тігілмек. Орталық алаңнан 60 жылқы мен 20 шақты түйе керуені жүріп өтеді. Бұл өз кезегінде қазақы дәстүріміз бен ұлттық құндылығымызды дәріптеуге де оң ықпалын тигізері анық. Қонақтар үшін Түркістан туралы танымдық кітап та шығарылып жатыр. Игі істердің бір парасымен танысқан ақсақалдар шара ұйымдастырушыларына ақ батасын берді. Халықаралық жиынның жоғары деңгейде өтуіне тілектестік білдірді.

Соңғы жаңалықтар