Наурызды тойлауға еліміздің 7 өңірінен 350-ден астам өнерпаз елордаға келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурызды тойлауға арналған негізгі шаралар "Қазақ елі" монументінің қасында өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов мәлімдеді.
None
None

Оның айтуынша, шараға Алматы, Павлодар, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының өнер ұжымдарынан 350-ден астам өнерпаз келіп қатысады.

"Негізі мерекелік шара 21 мен 22-сі күндері екі күн бойы өтеді. Алаңға 40 киіз үй, 5 шатыр тігіліп, үш сахна орнатылады. Алаңның безендірілуі табиғатпен үндестіріліп, жалпы композиция "Жазғытұрымнан жазға дейін" деп аталады", - деді Б. Мажағұлов. Сонымен қатар, түркі халықтарының аспаздық өнері бойынша сайыс өткізіліп, орта Азия халықтарына ортақ наурыз көже және сүмеле дайындалады.

Соңғы жаңалықтар