Наурыздың 15-і мен 17-сі аралығында Қазақстанда Еуропалық Кеңестің Парламентаралық Ассамблеясының төрағасы Мевлют Чавушоғлы жұмыс сапарымен болады

АСТАНА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Наурыздың 15-і мен 17-сі аралығында Қазақстанда Еуропалық Кеңестің Парламентаралық Ассамблеясының төрағасы Мевлют Чавушоғлы жұмыс сапарымен болады,

Наурыздың 15-і мен 17-сі аралығында Қазақстанда Еуропалық Кеңестің Парламентаралық Ассамблеясының төрағасы Мевлют Чавушоғлы жұмыс сапарымен болады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахмановтың айтуынша, Ассамблея төрағасы еліміздің бірқатар басшылармен кездеспек. Аталмыш кездесулер барысында 2004 жылы жасалған арнайы келісім аясындағы Қазақстан мен Еуропалық Одақтың Парламенттік Ассамблеясы арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері сөз болады. Сонымен қатар еліміздің аталмыш ұйыммен барлық салалар бойынша бірлесіп қызмет ету жұмыстарына қатысты жәйттері талқыланбақ.