Наурыздың 8-інде ұялы байланыс операторы арқылы шалынған қоңыраулар саны Жаңа жыл түніндегіден асып түсті

АЛМАТЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Beeline абоненттерінің Халықаралық әйелдер күні шалған қоңыраулары Жаңа жыл түніндегіден де асып түсті,

 Наурыздың 8-інде ұялы байланыс операторы арқылы  шалынған қоңыраулар саны  Жаңа жыл түніндегіден асып түсті

деп хабарлайды ҚазАқпарат ұялы байланыс операторының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биылғы жылдың 8-ші наурызында біздің абоненттердің белсендігі басқа мерекелік күндерімен салыстырғанда едәуір жоғары болды. Онда 14 миллионға жуық хабарламалар жіберілді. Бұл - күнделікті орташа көрсеткіштерден 4 есеге артық. Ал жасалған қоңыраулар саны - 48 миллионды құрады. Ол Жаңа жылдың алғашқы түнінің дауыстық трафигінен 8 пайызға артық», дейді Beeline-ның Қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Павел Родин. Оның айтуынша, әдетте маңыздылығы бойынша Халықаралық әйелдер күні тек Жаңа жылды қарсы алу мерекесінен ғана төмен болатын. Биыл бұл жағдай алғаш рет өзгеріп отыр.