Наурызға орай Астанада балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз мейрамына орай елорда әкімдігі «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агентттігі «NADLoC»» АҚ-мен және «Дүние» бастапқы партиялық ұйымымен бірлесіп, Ақкөл қаласында орналасқан №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін мереке ұйымдастырды. 
None
None

Әр түрлі жастағы 60 жуық бала Астана қаласының көрікті жерлерінде болып, қала әкімдігінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды astana.kz.

Бағдарламаға сәйкес, балалар ҚР Ұлттық музейінде болып, бірегей экспонаттармен танысты. Ал мерекелік түскі астан кейін Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы Беріком Жакеновпен кездесті. Содан кейін балалар Физикалық Электро-Шоу Тесла және Фокусник-иллюзионист шоуларын тамашалады.

Мұнымен қоса, балаларға бағалы сыйлықтар тарту етілді. Сондай-ақ олар дельфинариумда және Океанариумда болды.

Соңғы жаңалықтар