Науырзым қорығы тағы да өртенді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Қостанай облысының Науырзым қорығында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметне сілтеме жасап.

«Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының аумағында құрғақ шөп өртенді. Өртенген аумақтың көлемі өлшеніп жатыр. Қазір табиғи апат оқшауланды. Зардап шеккендер тіркелген жоқ. Өрттің себебі анықталуда», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі. Қорық директоры тікұшақпен өрт болған жерді аралап, 1000 гектарға жуық алқаптың өртенгенін анықтады.

Қазір өрт орнында 113 адам жұмыс істеп жатыр, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар, ТЖД және қорық қызметкерлері бар.

Соңғы жаңалықтар