Науырзым мемлекеттік табиғи қорығындағы орман өрті сөндірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай облысындағы Науырзым мемлекеттік табиғи қорығындағы орман өрті сөндірілді, деп хабарлады бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Науырзым мемлекеттік табиғи қорығындағы орман өрті сөндірілді

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жедел штабының ақпараты бойынша, Науырзым қорығындағы Бишағаш орманшылығы аумағындағы өрт 22 тамызда сағат 18:10-да сөндірілді.

Алдын-ала болжам бойынша 807 гектар жер жанған. Сондай-ақ тағы тағы 10 га аумақта құрғақ қамыс өртенген.

Қарамайшы бөлімшесінің ауданындағы үшінші учаскеде ТЖД қызметкерлері мен қорық қызметкерлерінің жалпы күшімен өрт 22 тамыз күні сағат 18:53-те оқшауланды. Өрт периметрі бойынша қарауылдау және қосымша жырту жұмыстары жүргізілуде.

Өртті оқшаулауға қорық қызметкерлері қатарынан 30 адам және 15 техника жұмылдырылды.

«Өрттің себебі мен жалпы ауданы анықталуда»,-делінген Қостанай облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобының ақпаратында.