15:10, 01 Сәуір 2010 | GMT +5
«Найзағай-2010» тактикалық жаттығуы сәтті аяқталды
АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат - «Көктал» полигонында «Найзағай» бригадалық тактикалық жаттығуының белсенді кезеңі өтіп, оның барысын Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің және ҚР қарулы күштері Құрғақтағы әскерінің бас қолбасшысы , генерал-майор Мұрат Майкеев бақылады.
Наурыздың 24-інде басталған маневрлерге Құрғақтағы әскердің Аэромобильді әскерінің құрылымдары мен бөлімшелері, Әуе қорғаныс күштері армиясы авиациясының тікұшақтары, барлығы 2 мыңға жуық адам және 270-тен астам әскери техника, оның ішінде зеңбіректер, дүркіндетіп атудың реактивті жүйесі мен минометтер қатысты. Жаттығуға Аэромобильді әскердің қолбасшысы , генерал-майор Әділбек Алдабергенов жетекшілік етті.
Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков жаттығудың қорытындысына қанағаттанарлық білдіріп, оның барысында жеке құрамның баға жетпес тактикалық тәжірибе алғанын атап көрсетті.