Найзағай, бұршақ, тұман: Екі облыста күн бұзылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты синоптиктер екі өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Найзағай, бұршақ, тұман: Екі облыста күн бұзылады

11 қыркүйек күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауып, 12 қыркүйек түнде кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, дымқыл қар) болады. Кей жерлерде тұман түсіп, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауады. Батыстан және солтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

11 қыркүйекте Өскемен қаласында күн күркіреп, күндіз бұршақ жауады. Күндіз батыстан және солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Осы күні Семей қаласында найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ жауады. Күндіз батыстан және солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

11 қыркүйек күндіз Қызылорда облысында cолтүстіктен және солтүстік-шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.