Найзағай, бұршақ, жауын - Сейсенбіге арналған ауа райы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр, бұршақ жауады. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Найзағай, бұршақ, жауын - Сейсенбіге арналған ауа райы

Түнде және таңертең солтүстік жартысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с жетеді, күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында дауыл болып, тұман түседі, күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Қостанай, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде және таңертен тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.