Найзағай, бұршақ, жел: Нұр-Сұлтанда ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Найзағай, бұршақ, жел: Нұр-Сұлтанда ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйене отырып, қала тұрғындарына ескерту жасады.

Ертең, 14 маусым күні шаһарда найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан күшті жел соғады. Кей жерлерде жел екпіні 15-18 м/с жетеді.