Найзағай диқанның өмірін жалмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентиналық провинциялардың бірінде найзағай түсуінің салдарынан бір адам ажал құшты.
Белгілі болғандай, сенбіде Буэнос-Айрес түбіндегі Эскобар қаласына түскен найзағай 50 жасар диқанның өмірін жалмады.
Осы күні Санта-Фе провинциясында найзағай стадионға түсіп, сегіз адам зардап шекті. Қазіргі кезде олардың екеуі ауруханада ауыр халде жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы қаңтарда найзағайдан аргентиналық курорттарда үш адам қаза болып, 30-ға жуығы жарақат алды.