Найзағай Endeavour шаттлына май құюға кедергі жасады

ВАШИНГТОН. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат - Канаверал мүйсіндегі ғарыш айлағы аумағында болған найзағай NASA техниктерін бүгін, сәрсенбі күні таңертең ұшырылуы керек Endeavour шаттлына май құюды уақытша тоқтатуға мәжбүр етті,

Найзағай   Endeavour шаттлына  май  құюға    кедергі   жасады
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. «Миссия басшылығы ауа-райының мәліметтері талданып, шаттл бактеріне май құюды жалғастыру мәселесін шешу мақсатында кеңес өткізуде. Жайсыз ауа райының салдарынан кемеге май құю амалы кешіктіріліп жатыр. Техниктер, ауа райы мүмкіндік берсе ғана, шаттлға май құюды жалғастырады», деп хабарлады телефонмен NASA өкілі. Endeavour бортына жеті астронавты мінгізіп, Халықаралық ғарыш стансасына бүгін шығыс-америка уақыты бойынша сағат 05.40-та (мәскеу уақыты бойынша 13.40-та) ұшуы керек болатын. О баста шаттлды ұшыру сапары өткен сенбі күнге жоспарланған болатын, бірақ отын багындағы сутегінің төгілуі салдарынан, сапар бүгінге, сәрсенбі күнге ысырылған еді.