Найзағай ер адам мен бір баланың өмірін қиып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Пермь өлкесінің Добрянск ауданында 42 жастағы ер адам мен оның жеті жасар баласы көз жұмды. Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың өліміне найзағай соққысы себеп болған.
Ер адам мен баланың мүрделері Кама жағалауындағы ауылдардың бірінің маңынан табылды, деп хабарлайды «Интерфакс». Жергілікті тұрғындар бұл туралы тергеу органдарына хабарлаған. Оқиға орнына жеткен аймақ тергеушілері мәйіттерді қарау барысында адамдардың өліміне найзағайдың себеп болғандығы анықталды.
Оқыс оқиға бойынша тергеу алдындағы тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындылары бойынша процессуалдық шешім қабылданады.