Найзағай, тұман: 11 өңірде ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 11 мамыр күні күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Найзағай, тұман: 11 өңірде ескерту жарияланды

Атап айтқанда, Ақмола облысының солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде, күндіз өңірдің басым бөлігінде найзағай болжанады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Астана қаласында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Түнде өңірдің оңтүстігінде, күндіз шығысында – найзағай, батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігі мен орталығында 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Өңірдің батысы мен солтүстігін тұман басады. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с құрайды.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігі мен батысында тұманды болады.