Найзағай, тұман, жел: Еліміздің жеті өңірінде ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бәрқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 тамызда Шығыс Қазақстанның кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл соғады. Күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жел екпіні 15-20, 25 м/с жетеді.

Өскемен мен Семейде күн күркірейді . Жел қарқыны - 15-20 м/с.

25 тамыз түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен жел соғады. Түнде және таңертең жел жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

25 тамызда Қарағанды облысының шығысында түнде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан және солтүстіктен соққан желдің күші - 15-20 м/с. Аймақтың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ертең Қарағанды және Жезқазған қалаларында күн күркірейді.

25 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ертең түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

25 тамызда Алматы облысында және облыс оратылығы - Талдықорған қаласында кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны найзағай кезінде 15-20 м/с болады. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады.

25 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркірейді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз жел жылдамдығы - 15-20 м/с.

Көкшетау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.


Соңғы жаңалықтар
telegram