Найзағай түсіп, бір табын сиыр қырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чилиде найзағай түсіп, бүтіндей бір табын сиыр өлді, деп хабарлады сейсенбі күні жергілікті БАҚ.

Найзағай түсіп, бір табын сиыр қырылды

Аталған жағдай елдің оңтүстік бөлігіндегі Лос-Риос аймағындағы ранчода болған. Жайылып жүрген мал күн күркіреп, жай түскен шақта ағаштың түбін паналаған. Ал ағашқа жай түсіп, одан 70 бас ірі қара мал қырылды. Мал иелеріне келген залал шамамен 100 мың долларды құрады.

«Әрине, найзағай болып тұрады, бірақ мынау сияқты ешқашан аса қуатты болмаған сияқты», - деді ранчодағы басқарушылардың бірі Карлос Годой.