Найзағай үш адамның өмірін жалмады
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Аргентиналық Вилья-Хесель қаласында түскен найзағай үш адамды мерт қылды, 20-сы жарақат алды.
Қала Буэнос-Айрестің оңтүстік-шығысында Атлантикалық мұхиттың жағалауында орналасқан.
Белгілі болғандай, найзағай түскен кезде адамдар жағалау маңында дауылдан пана іздеп жүрген.
Куәгерлердің айтуынша, қатты күн күркіреп, жойқын күш бірнеше адамды лақтырып жіберген. Олардың көбісінің денесін күйік шалды.