Найзағай, жаңбыр, үсік: 20 мамырда ауа райы қандай болады

АСТАНА.KAZINFORM - Қазгидромет 20 мамырда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады.

ауа райы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел тұрады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл болады. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-18 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі бар, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 20 мамырда жоғары өрт қаупі бар.

Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда екпіні 18-23 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі бар. Қонаевта солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18 м/с

Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, кей уақытта нөсер жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ, шаңды дауыл болады. Жел шығыстан соғады, күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада жаңбыр, күндіз кей уақытта нөсер жаңбыр болады. Кей уақытта найзағай, дауыл, шаңды дауыл болады. Жел шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда нөсер жаңбыр болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз жаңбыр, кей уақыттарда нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде аздаған жаңбыр, найзағай болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл болады. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі. Оралда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарда кей уақыттарда нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі бар. Таразда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытта нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында, орталығында 2 градус үсік жүреді. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Қостанайда күндіз жаңбыр, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Айта кетейік, Мәскеуде ауа температурасы рекордтық деңгейге жетті.