Найзағай, жаңбыр: Үш күнге ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 25-27 шілде күндеріне ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Найзағай, жаңбыр: Үш күнге ауа райы болжамы

«Алдағы күндері атмосфералық бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай, екпінді жел, жаңбыр күтіледі.

Солтүстік пен шығыста бұршақ жаууы ықтимал, 27 шілдеде облыстың шығысында қатты жаңбыр күтіледі.

Солтүстік-батыс антициклонының сілемімен 25-26 шілдеде оңтүстікте, 27 шілдеде елдің батыс аймақтарында жауын-шашынсыз күн райы қалыптасады.

Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді», - делінген синоптиктер мәліметінде.