НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Астана қаласы ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты білім ұйымдарындағы сабақтарды тоқтату параметрлері

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астана қаласының Білім басқармасы ата-аналардың назарына  қысқы кезеңдегі ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты қала бойынша білім ұйымдарындағы (жалпы білім беретін мектептер, кәсіптік лицейлер және колледждердің 1-2 курс оқушылары) сабақтарды тоқтату параметрлерін ұсынады.
None
None

Оқу жылының қысқы кезеңінде білім алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың төмендегідей  параметрлері Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленді:      

1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;

1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда  ;

1-11(12) сыныптарда, кәсіптік лицейлерде, колледждерде (1-2 курс оқушылары үшін) - 35 градустан төмен болғанда;

Сабақты тоқтату туралы ақпарат:

- «31 - канал»  теледидар арнасының жүргіртпе жолында сағат 6.30-тен 8. 00-ге дейін (бірінші ауысым үшін) және 12.15-тен 13.00-ге дейін (екінші ауысым үшін) беріледі;

- сондай-ақ сабақты тоқтату туралы ақпаратты 118-01 (9. 00 ден - 18. 00 ге дейінгі аралықта), 169 (ақылы) қызметі телефондарынан алуға болады.

- ата - аналар үшін балалары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне  хабарласуға болады.

Сабақ тоқтату параметрлері туралы Білім басқармасының bilim.astana.kz  сайтынан оқуға болады.

  

Соңғы жаңалықтар