НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Астанада қысқы кезеңдегі ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты білім мекемелерінде сабақтарды тоқтату параметрлері
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астана қаласының Білім басқармасы ата-аналар назарларына қысқы кезеңдегі ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты қала бойынша білім ұйымдарындағы (жалпы білім беретін мектептер, кәсіптік лицейлер және колледждердің 1-2 курс оқушылары) сабақтарды тоқтату параметрлерін ұсынады.
Оқу жылының қысқы кезеңінде білім алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың төмендегідей параметрлері Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленді:
1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен тиімділігінде (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;
1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда ;
1-11(12) сыныптарда, кәсіптік лицейлерде, колледждерде (1-2 курс оқушылары үшін - 35 градустан төмен болғанда;
Сабақты тоқтату туралы ақпарат:
- «31 - канал» теледидар арнасының жүргіртпе жолында сағат 6.30-тен 8. 00-ге дейін (бірінші ауысым үшін) және 12.15-тен 13.00-ге дейін (екінші ауысым үшін);
- сондай-ақ сабақты тоқтату туралы ақпаратты 118-01 (9. 00 ден - 18. 00 ге дейінгі аралықта), 169 (ақылы) қызметі телефондарынан алуға болады.
- ата - аналар үшін балалары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады.
Сабақ тоқтату параметрлері туралы Білім басқармасының bilim.astana.kz сайтынан оқуға болады.