НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! «Петропавл-Алматы-2» бағытындағы №152 пойыз билеттерде көрсетілген уақыттан 1 сағат 17 минутқа ерте жүреді
АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚТЖ «Петропавл-Алматы-2» бағытындағы пойыздың жүру кестесінің өзгеретіні туралы хабарлайды.
«Петропавл-Алматы-2» бағытындағы №152 жолаушылар пойызына билет сатып алған адамдардың назарына!
2013 жылдың 14 қаңтарынан бастап бұл құрамның Петропавл стансасынан жүру кестесіне өзгерістер енгізілді.
«Петропавл-Алматы-2» бағытындағы №152 жолаушылар пойызы бұған дейін Мәскеу уақыты бойынша сағат 14:45-тің (Астана уақыты бойынша сағат 16:45) орнына енді Мәскеу уақыты бойынша сағат 13:28-де (Астана уақыты бойынша сағат 15:28), яғни 1 сағат 17 минутқа ерте жүреді.
Жолаушылардың №152 пойызына кешігуін болдырмау үшін вокзалға ертерек келіп, вагондарға алдын ала отыруды сұраймыз.