Назарбаев: Адамдарды бизнес ашуға үйрету керек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай өңіріне сапары барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнес секторын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Мемлекет басшысы бүгінгі күні шағын және орта бизнес көрсеткіштерін арттыру және халықты жұмыспен қамту жұмыстың негізгі бағыттарының бірі болып отырғандығын баса айтты.

«Қазіргі уақытта «Атамекен»  «Бастау бизнес» деп аталатын өте жақсы оқыту бағдарламасын жүзеге асыру үстінде. Адамдарды бизнес ашуға үйрету, қайда бару, несиені қалай алу керектігіне кеңес беру қажет. «Атамекен» «Бизнес бастау» аясында бұл жұмыстарды жүргізуде, қолдау керек. Содан кейін шағын және орта бизнес өндірген өнім көлемі өсуі тиіс. Жұмыспен қамтуды арттыру, адамдарды өзін барлық қажетті дүниемен қамтамасыз етуді үйрету қажет. Мемлекет  оған көмек те береді», - деп атап өтті Елбасы.

Осы орайда облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай  өңірінде 34 бағдарламаның жұмыс істеп жатқанын, оның аясында кәсіпкерлер несие алып, бизнесін ұлғайту мүмкіншілігіне ие болып отырғанын баса айтты.  Сондай-ақ Қостанай облысының әкімі Мемлекет басшысына бұл мәселеде өңірдің, әсіресе оңтүстік аудандарында белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқаны байқалып отырғандығын айтып, сендірді.

Еске салайық, бүгін жұмыс сапарымен Қостанайға келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нысандарда болды . Атап айтқанда, Президент «Əуежай» шағынауданында мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан тұрғын үй құрылысымен танысты. Шағынауданда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 900 орындық жалпы білім беретін мектеп, сондай-ақ спорт және ойын-сауық кешенінің құрылысы бой көтеруде.  

Сондай-ақ Н.Назарбаев «СарыарқаАвтоПром» зауытына барды. Бүгін «СарыарқаАвтоПром» ЖШС ұсақтүйінді өндіріс бойынша жаңа технологиялық əдісті іске қосты. Əдіс «монокок» деп аталады. Президентке Peugeot, JAC, Iveco жəне басқа да электромобильдер көрсетілді. 

Шетелдік инвесторлармен, зауыт қызметкерлерімен өткен кездесуден кейін Елбасына Қостанай облысының инвестициялық əлеуеті таныстырылды. 

Соңғы жаңалықтар