16:11, 07 Қыркүйек 2018 | GMT +5
Назарбаев әуежайында түске дейінгі рейстердің уақыты кейінге шегеріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында түске дейін ұшып келетін және ұшатын барлық әуе бағыттары кейінгі уақытқа шегеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ұшып-қону жолағы 10-21 қыркүйек аралығында күндізгі уақытта жабық болады. Жөндеу жұмыстары жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі. Нәтижесінде әуежайдан түске дейін ұшып келетін және ұшатын барлық әуе бағыттары шегеріледі», - делінген хабарламада.
Әуе бағыттарының уақыты өзгертілгені туралы ақпаратты билет сатқан әуе компанияларынан және тәулік бойы жұмыс істейтін әуежайдың анықтама қызметінен мына нөмір бойынша +7 (7172) 702 999 алуға болады.
Айта кетерлігі, аталған уақыт аралығында тек ұшып-қону қонағы ғана жабылады, әуежай терминалдары штатты түрде жұмыс жасайды.