Назарбаев бизнеске кедергі келтірмеуді қатаң талап етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел экономикасы тіршілігінің негізі - жекеменшік, шағын және орта бизнес.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Республика судьяларының VII съезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің Конституциямызда жекеменшікке қол сұғылмайтындығы жазылған. Ал біз болсақ керісінше, Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бизнесмендерге тап бердік. Олардың белгілі бір ақшалары бар, олар бизнесмендер. Дүкен ашты ма, демек ұры және оны сонау бір кездердегі ОБХСС (социалистік меншікті ұрлаумен күрес жөніндегі бөлім)  принципімен құрту керек», - деді Назарбаев.

Мемлекет басшысы мұндай психология еңсерілгенімен, оның сарқыншағы бар екендігін атап өтті.

«Ел экономикасы тіршілігінің негізі - жекеменшік, шағын және орта бизнес. Естеріңізге сақтаңыздар, мен мұны әр уақытта да айтып келемін, менің бұлай болғандығын қалағанымнан емес. Нарықтық экономикадағы басты рөл бизнеске тиесілі», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар