Назарбаев дәрiсi ЕЭО-ның алдағы 20 жылға арналған жол картасы болып табылады - Еуразиялық ықпалдастық институты

АСТАНА. ҚазАқпарат - М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттiк университетiндегi ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев дәрiсi ЕЭО-ның алдағы 15-20 жылға арналған жол картасы болып табылады.

Назарбаев дәрiсi ЕЭО-ның алдағы 20 жылға арналған жол картасы болып табылады - Еуразиялық ықпалдастық институты

Бұл туралы Астанада Орталық коммуникациялар орталығында Еуразиялық ықпалдастық институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиева мәлiм еттi.

«Кеше ММУ-де болған дәрiс осыдан жиырма жыл болған оқиғамен байланысып жатыр. 1994 жылы Н.Назарбаев Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақ жобасын ұсынған болса, биылғы баяндамасы Еуразиялық экономикалық одақты iске асырудың және дамытудың алдағы 15-20 жылға арналған жол картасы деп айтуға болады. Онда стратегиялық маңызға ие 5 бағыт ұсынылған. Олардың әрқайсысына нақты қадамдар берiлген», - дейдi ол.

Сарапшының айтуынша,оның iшiнде ұлттық экономикаларды инновациялық-технологиялық дамыту, көлiк, мұнай-газ инфрақұрылымын жоғары деңгейге көтерумен қатар шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, құқықтық-ұйымдастырушылық мәселелердi шешу, мәдени-гуманитарлық байланыстарды күшейту мәселелері қарастырылып отыр.