Назарбаев: Иран тарабы Қазақстан аумағында геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүдделі

ҚР Президенті соңғы жылдары Қазақстан мен Иран арасында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
«Қазірдің өзінде иран компаниялары Қазақстан аумағында жалпы құны 480 млн. доллар болатын ауыл шаруашылығы жобаларын іске асырып жатыр. Ол менің жасаған сапарымның нәтижесінде келісілген мәселе болатын. Біз Иранға тек астық емес күнбағыс майын, рапс, арпа, күріш және басқа да аграрлық өнімдерді тасымалдауға мүдделіміз және дайынбыз», - деді Назарбав.
Елбасы тау-кен металлургия саласында да өзара тиімді ынтымақтастықтың орнап жатқанын баса айтты.
«Қарағанды облысында мыс кен орнын игеру иран компанияларымен бірге қолға алынуда. Иран тарабы Қазақстан аумағында геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүдделі. Біз оны қолдаймыз», - деді Мемлекет басшысы.