Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XV форумына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың баспасөз қызметі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XV форумына қатысады

Қазақстан Президенті биылғы 8 қарашада Астана қаласында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.

Келесі күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XV форумына қатысу үшін Петропавл қаласына барады.

фото: akorda.kz