Назарбаев Қазақстанда «Alibaba» қызметін дамытуға қолдау білдірді
ХАНЧЖОУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға жұмыс сапары аясында ірі қытайлық «Alibaba Group» интернет-компаниясының негізін қалаушы, директорлар кеңесінің төрағасы Джек Мамен келіссөз жүргізді.
«Біз сізбен Астанада кездескен болатынбыз, бүгін міне осы жерде кездесіп отырмыз. «Самұрық-Қазына» өкілдері Сіздермен Қазақстандағы ынтымақтастық жайлы, Орталық Азия, Ресей, Шығыс Еуропа елдерінде жұмыстарды тарату үшін Қазақстанда компанияның филиалын құру мүмкіндігін талқылаған», - деді кездесуде Н. Назарбаев.
Джек Ма Қазақстан Президентінен өзінің ыстық ілтипатын білдірді.
«Уақыт бөлгеніңіз үшін рахмет! Сізді бүгінгі таңда барша қазіргі ұрпақ өкілінің пірі десе болады. Қазақстан Сіздің мықты көшбасшылығыңыз бен басшылығыңыздың арқасында үлкен жетістіктерге жетуде, сізді қатты құрмет тұтамын», - деді ол.
«Alibaba» басшылығы компанияның қызметі жайлы айтты.
«ІЖӨ тұрғысынан компаниямыз барша әлем бойынша 20-шы орында.
Сондай-ақ интернет-салада АҚШ, Қытай, ЕО және Жапоиядан кейін әлемдегі 5-ші ірі экономикаға қол жеткізгіміз келеді. Осы жағынан Қазақстан аса маңызды. Мен Қазақстанда болдым, екі рет ҚР Премьер-Министрімен жолықтым. Қазақстанда мұнай-газ саласынан қызмет көрсету секторына өтіп, шағын және орта бизнесті айрықша назарға алуды көздеп отырмыз», - деп атап өтті ол.
«Бұдан басқа, біз қазақстандық тауарларды Қытайға сатамыз», - деп атап өтті ол.
Н. Назарбаев Қазақстанда «Alibaba» қызметін дамытуды қолдайтынын білдірді.
«Бәрі тап осылай. Сондықтан Сіздің компаниямен ынтымақтастықты қолдаймын. Компания барлық шекарадан өтеді. Біз «Қорғастан» бастай аламыз», - деді Мемлекет басшысы.
Еске салсақ, 1 қыркүйекте Н. Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыртуымен G20 саммитіне қатысу үшін Қытайға келді.