Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Мемлекет басшысы Цзянси өлкесінің Фэнчэн қалалық округінде салынып жатқан электр стансасында болған апат салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Си Цзиньпинге, қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.